Рыбакина ойнамағанына қарамастан, теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогында қарсыласын ойсырата жеңді

Жарияланды 17 Қараша 2024 15:58

(жаңартылды 18 Қараша 2024 10:32)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан Билли Джин Кинг кубогында қарсыласын жеңді / фото: KTF

Билли Джин Кинг кубогы аясында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 29-орын) Оңтүстік Кореямен өткен кездесудің шешуші матчында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына маңызды ұпай сыйлады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, Путинцева өзінен әлдеқайда төмен тұрған қарсыласы Ку Ён Вуды (418-орын) екі сетте 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Бұл матчта бастапқыда Елена Рыбакина (6-орын) мен Да Ён Бак (314-орын) өнер көрсетуі тиіс еді. Алайда құраманың жоспары өзгерді.

Осылайша, Қазақстанның жалпы есебі 3:0-ге жетіп, Оңтүстік Корея құрамасын айқын басымдықпен жеңді. Кеше 16 қараша күні Рыбакина Со Хён Пакты (355-орын) 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Сондай-ақ алғашқы кездесуде Зарина Дияс (383-орын) Со Хён Пакпен болған матчта керемет камбэк жасап, 3:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы матчтар Астана қаласында өтті.

2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша, Рыбакина әлемдік рейтингте алтыншы орынға түсіп қалды. Айта кетейік, 1 қарашада Елена өзінің жаңа бапкерін таныстырған еді. Әлемнің үздік теннисшілердің бірі Новак Джоковичтің жаттықтырушысы енді қазақстандық теннисшімен бірге жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз