Тұман, көктайғақ: оңтүстік пен батыста ауа райы күрт құбылады

Жарияланды 18 Қараша 2024 08:09

(жаңартылды 18 Қараша 2024 09:26)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
ауа райы
Тұман, көктайғақ: оңтүстік пен батыста ауа райы күрт құбылады / Фото: коллаж kursiv.media

18 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы бірқалыпты болғанымен, оңтүстік пен батыс аймақта күн күрт бұзылады. Бұл туралы «Қазгидрометтің» болжамында жазылған.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен бірқалыпты ауа райы сақталады. Алайда елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ауысуы жаңбыр мен қар аралас жаңбыр алып келіп, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін.

Ел аумағында таңғы уақытта жол жүруді қиындататын тұман күтіледі. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте жел күшейеді деп күтіледі. Синоптиктер Қызылорда облысында көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, алайда жауын−шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -6 -8 °C, күндіз -1-3 °C.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, бірақ жаңбыр жаумайды. Түнде температура бағаны 0 +2 °C, күндіз + 9 +11 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашын жоқ. Таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +3 -5 °C, күндіз +14 +16 °C.

Сондай-ақ оқыңыз