Ұлттық және діни араздыққа шақырған шетелдіктер Өзбекстанда 5 жылға «қара тізімге» енеді

Жарияланды 18 Қараша 2024 16:00

(жаңартылды 18 Қараша 2024 16:11)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Діни араздыққа шақырған шетелдіктер Өзбекстан кірмейді
Діни араздыққа шақырған шетелдіктер Өзбекстанға кірмейді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өзбекстан заңнамасына мемлекетаралық, ұлттық және діни араздыққа жария түрде шақырғаны үшін шетелдік азаматтардың елге бес жылға кіруіне тыйым салуды көздейтін түзетулер енгізілді.

18 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойған құжаттың мәтіні жария болды.

«Өзбекстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы» заңы мынадай мазмұндағы баппен толықтырылсын: «Өзбекстан Республикасында болуы қолайсыз деп танылған шетелдік адамдар мен азаматтығы жоқ адамдардың тізімі», – делінген заңның ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланған мәтінінде.

Аталған тізімге мемлекетаралық, ұлттық және діни араздыққа шақырған, сондай-ақ Өзбекстан халқының ар-намысына, қадір-қасиетіне және тарихына нұқсан пікір айтқан шетелдіктер бес жылға енгізіледі. Егер шетелдік азамат осы әрекеттерді жалғастырса, онда тізімде болу мерзімі тағы бес жылға ұзартылады.

Тізімге енгізілген адамдарға Өзбекстан банктерінде шот ашуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, қаржылық және келісімшарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Заңға сәйкес осы тізімге енгізу Өзбекстанның заң шығару палатасы мен Олий Мәжілісінің, сондай-ақ, арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз