Айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеденге саудалануда. Ядролық қауіп құнсыздануға итермеледі ме?
Доллар бағамы 500 теңгеден асты. Жұма, 22 қараша күні, ұлттық валюта ғана емес, көршілес Ресей рублі доллар бағамына қатысты апта басынан бері -3,01% құнсызданып, бір доллардың құны 99,94 рубльден 103,02 рубльге дейін құнсызданды.
Рубльдің әлсіреуі теңгеге әдеттегідей теріс әсер етіп жатыр. Ресей-Украина соғысында әлемде тыныштық кетіп, «ядролық» қауіп ұлғая бастады. Соның салдарынан ұлттық валютамыз 22 қарашадағы қорытынды валюталық сауда-саттықта анти рекорд орнатты. Бұл биылғы ең жоғары құнсыздану көрсеткіші 1 доллар – 498,59 теңгеге жетті.
Доллар индексінің өсімі және мұнай бағасындағы тұрақсыздық
Геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты доллар индексі 22 қарашада 18:00 мәлімет бойынша 107,54 тармағына жетіп, (+0,56%)-ға бірден көтерілді. Ал брент маркалы мұнай бағасында 73,79 доллар шамасында қалыптасты. Қара алтынның бағасы соңғы айда жылдам өзгеріп, күрт құбылып отырады. Бейсенбі 21 қараша күні Ресей-Украина қақтығысының жаңа кезеңге өтуі мұнай бағасын 75 долларға дейін көтергенімен, ол қуатыша құбылыс болды. Жұма, 22 қараша күні брент маркалы мұнай фьючерстері қайта түсті.
Банктер мен айырбастау пункттерінде баға қанша болып жатыр?
Halyq және Центркредит банкі долларды сату құнын 502 теңге деп белгілеп отыр. Kaspi банк 5 тиынға арзан сатуды жөн көріпті. Қазақстандық банктерді сатып алу бағасы 496 мен 497 теңге арасында құбылып тұр. Halyq – 497, Kaspi – 498, ЦКБ 496 теңге деп валюта нарқын шығарған.
Бүгінгі валюта айырбастау орындарында да доллардың сатып алу-сату құны осы шамада. Басты пунктерде сату бағасы – 502, сатып алу 497 теңге деп көрсетілген.
Бүгінгі қаржы статистикаларында доллар бағамы 499,6735 теңге болып межеленген.
Доллар бағасы қазір көтеріліп жатқанмен, Ұлттық банк сарапшылары оптимистік болжам жария етіп отыр. Доллар бағамы келесі жылы 486,9 теңге, 2026 жылы 498,3 теңге болады деп күтеді. Бұл болжамға қарағанда, сарапшылар қазір валюта бағамының өсуін уақытша құбылысқа бағалап отырған сыңайлы. Ұлттық банк ұзақ мерзімді және орта мерзімді трендтерге назар аударған.
Соғыстың жаңа кезеңі: ауыр қару түрлері сынала бастады.
19-20 қараша күндері Украина АҚШ-тан алынған ATACMS зымырандарын пайдаланып, Ресейдің Брянск облысындағы әскери нысандарға шабуыл жасады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл шабуылдарды растады және зымырандардың көпшілігі атып түсірілгенін, бірақ біреуінің әскери нысанға құлап, өрт тудырғанын мәлімдеді. Бұл оқиға АҚШ-тың Киевке ұзақ қашықтыққа ұшатын қаруларды пайдалануға рұқсат беруінен кейін болғаны анық.
21 қарашада ресейліктерге үндеу жасаған Путин Украинаның Днепр қаласына «Орешник» зымыран жүйесімен соққы жасалғанын айтты. Путин Украинаның Atacms пен Storm Shadow және HIMARS зымырандарымен шабуылы соғыстың жаңа кезеңі және «Орешникпен» жасалған шабуыл осы осы зымырандарға жауап деп айтқан.