ҚТЖ-ның Бескөл депосында дизель отынын астыртын сатумен шұғылданған қылмыстық топ сотқа тартылды 

Жарияланды (жаңартылды )
Бескөл депосында ұрлық әшкереленді/ фото: kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мамандарын Бескөл депосын тексерген. Мониторинг кезінде заңбұзушылықтар анықталды. Тексеріс жүргізіліп, дизель отынының ысырап болғаны белгілі болды. Күдіктілерді көліктегі полиция қызметкерлері тергеді.

«Тергеу материалдары ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментіне берілді. Қылмыстық топты Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері  Бас көлік прокуратурасымен және ҚТЖ-мен бірлесіп анықтады және ұстады», – деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

Сыбайлас қызметкерлер Бескөл депосында отынды астыртын сатқан. Олар кінәні мойнына алып, 16 миллион теңге қаражатты өтеген.

«2024 жылдың 11 қарашасында сот кінәлілерге үкім шығарды. ҚТЖ теміржол көлігінің тиімді жұмысына елеулі қауіп төндіретін дизель отынын ұрлаумен күресті жалғастыруда», – деп хабарлады компания.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында орналасқан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының бастығы сотталды. Антикор мәліметі бойынша бір тұрғынды машинист көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін менеджер екеуі 1,5 млн теңге пара алған.

Сондай-ақ оқыңыз