Армения мен Әзербайжан бітімге келсе, бірінің үстінен бірі арызданбайды – Пашинян

Жарияланды (жаңартылды )
2022 жылдан бері Ереван мен Баку арасында бейбіт келісім жөнінде талқы жүріп жатыр/фото: kursiv.media мұрағаты

Ераван мен Баку бір-біріне қарсы халықаралық талап-арыз беруден бас тартуы ықтимал. Бұл туралы Армения президенті Никол Пашинян армян телеарнасы арқылы мәлімдеген.  

Интерфакстың хабарлауынша, екі ел бітімге келіп, бейбіт келісімге қол қойса, мұндай мәміле жасалуы әбден мүмкін.

«Бұл – олар да, біз де бұрын болған оқиғалар үшін кінәрат-талап қоймауымыз керек деген сөз. Талаптардан екі тарап та бас тартуы тиіс», – деді Пашинян.

Айта кететін жайт, Армения 2021 жылы «Әзербайжан армяндарды тегіне қарап кемсітушілік жасайды» деп БҰҰ-ға талап-арыз түсірген болатын. Әзербайжан да қалыспай, қарсы арыз берген. Дейтұрғанмен, 2022 жылдан бері Ереван мен Баку арасында бейбіт келісім жөнінде талқы жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз