Астананың үстінен әскери ұшақтар ұшады

Жарияланды (жаңартылды )
Қолданылған түтін қоршаған ортаға, экологияға ешқандай зиян келтірмейді/фото: Kursiv.media мұрағаты

23-24 қараша күндері Астананың аспанында әскери жойғыш ұшақтар ұшады. Қазақстанның қарулы күштерінің хабарлауынша, бұл – оқу-жаттығу шарасы. Арнайы түтін шлейфтерін көрсетуге бағытталмақ.

«Ұшақтар қауіпсіз биіктікте ұшады. Қала өмірінің әдеттегі ырғағын бұзбайды», – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Құзырлы органдардың мәліметінше, бұл оқу-жаттығу барысында ұшудың қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмақ. Сондықтан тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер төндірмейді.

«Қолданылған түтін қоршаған ортаға, экологияға ешқандай зиян келтірмейді», – деп хабарлайды әскерилер.

Айта кететін жайт, қоғамдық-саяси іс-шаралар кезінде Астана тұрғындары әуеден әскери ұшақтарды жиі көріп жүр. Тамыз айында Су-30СМ ұшақтары ұшқан еді. Мемлекеттік күзет қызметі, ол кезде бұл ұшақтардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін ұшырылғанын хабарлаған-ды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен кезде де елорда аспанын әскери ұшақтар күзетті.

Сондай-ақ оқыңыз