Экономиканың қай саласы көлеңкелі?

Жарияланды (жаңартылды )
Салық органдары мұндай аударымдарды тіркеуге мүмкіндік алып отыр/фото: Kursiv.media мұрағаты  

Ресми статистикаға сүйенсек, көлеңкелі экономика көлемі білім және денсаулық сақтау саласында көш бастап тұр. Көлеңкелі медициналық қызметтің үлесі  ЖІӨ-нің 2,4%-на жетеді деп бағаланып отыр. 2017 жылдан бері 1,41%-ға дейін өскен. Бұл – көлеңкелі айналым елімізде көрсетілген барлық медициналық қызметтің үштен екісінен сәл ғана кем деген сөз.

Білім саласы да осыған жетеқабыл. Былтырғы көрсеткіш бойынша, бұл саланың көлеңкелі үлесі ЖІӨ-ның 1,49%-на жуықтайды. 2017 жылдан бері 0, 35% өсім көрсеткен.

Бұл екі саладағы бейресми айналымның бар екені ешкімге құпия болмаса керек. Десе де, оның нақты көлемі нақты мағлұмат қазір айқындалуда. Оған P2P форматындағы транзакциялардың онлайнға көшуі болып отыр. Бұл салық органдарына мұндай аударымдарды тіркеуге мүмкіндік берді.  

Айта кететін жайт, соңғы жеті жылда көрінбейтін өндіріс үлесі елеулі қысқарған. Бұл жағдай құрылыс саласында (ЖІӨ-нің 1,92 пайызына дейін), ауыл шаруашылығында (ЖІӨ-нің 1,96 пайызына дейін), өңдеуші өнеркәсіп саласында (1,27 пайызға дейін) байқалып отыр.

Ал 2025 жылға дейін көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының мақсаттары толық орындалып отыр. Ішкі сауданың «көлеңкелі тұстары» ЖІӨ-нің 5%-на дейін қысқарған. Нарықтық тетіктер мен реттеу рәсімдерін цифрландыру ақырын жүрсе де, анық басып, көлеңкелі экономикаға сәуле түсіріп жатқаны аңғарылады.

Ал көлік саласындағы нәтижесі 2025 жылға дейінгі жоспардан да төмен түскен. Онда көлеңкелі айналымды 2,4%-ға дейін түсіру көзделсе, қазіргі көрсеткіш бойынша – 1,27%. Ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өндірісте де осындай жағдай байқалады.  

Сондай-ақ оқыңыз