2025 жылы Toyota мен GAC бірлесіп электромобиль шығарады

Жарияланды 24 Қараша 2024 17:42

(жаңартылды 24 Қараша 2024 11:46)
post.authors.0.name

Еңлік Нұрболат

автор
Toyota мен GAC жолға қоятын көлік bZ7 деп аталады
Toyota мен GAC жолға қоятын көлік bZ7 деп аталады / Фото: electrek.co

Toyota 2025 жылы сатылымға шығатын электроседанының концепт нұқсасын көрсетті. Жаңа автокөлік қытайлық GAC брендімен бірлесіп жасалған.

Toyota мен GAC жолға қоятын көлік bZ7 деп аталады. Темір тұлпар аккумулятомен жүретін концепт-кар болады. Бірақ келесі жылы жапон-қытай бірлескен кәсіпорны модельдің сериялық өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Дегенмен, жаңа электромобильдің техникалық сипаттамасы әлі белгісіз.

Toyota bZ7 Қытайда сатып алуға болатын bZ3 аккумуляторлы седанды еске түсіреді. Дегенмен, жаңа өнім бұрынғыға қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Модельдің дизайны нақты магистральдық пішінімен ерекшеленетін заманауи фастбектер стилінде жасалған.

Сонымен қатар, концепт автокөлік ерекше пішінімен және шеткі сызықтарымен, сондай-ақ контрастты шатырымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оптикасы мен жарық шамдары Toyota Prius стилінде жасалған.

Сәуір айының соңында Toyota Бейжің автосалонында жаңа bZ3C электр кроссоверін және аккумулятормен жүретін жол талғамайтын көлігін көрсетті. Екі модельді де жапондық инженерлер Қытай нарығы үшін GAC концернінің мамандарымен бірге әзірледі.

«Дизайнымен Prius және жалпы пішіні Camry-ге ұқсас», – деп бағалады авто сарапшылар жаңа электрокар туралы.

Седан C-Class сатанытнда болмақ. Көлік, атап айтқанда, Xiaomi SU7-мен бәсекеге түседі.
Жаңа Toyota Қытай нарығында ғана сатылуы да мүмкін. bZ желісіндегі басқа модельдер сияқты bZ7 Қазақстанға «сұр» импорт схемасы бойынша әкелінеді.

Еске сала кетсек, Toyota жуырда ғана екінші тоқсанның есебін жариялады. Компания табысы соңғы екі жылда бірінші рет төмендеген.

2024 жылдың тамызында Toyota акциялары құлдыраған еді. Бұған қоса Toyota мен Nissan көліктеріне әлемдік сұраныс төмендеген болатын. Қос компанияда да өндіріс қысқарды. Енді қытайлық авто өнеркәсіппен қатаң бәсекеге түсуге тура келеді анық.

Сондай-ақ оқыңыз