Ақтөбеде әскер қатарына шақырылған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Жарияланды
армия
Ақтөбеде сарбаз суицид жасады/ Фото: shutterstock

Қазақстанда әскер арасында тағы бір суицид оқиғасы тіркелді. Бұл жолы әскерге шақырылған азаматтың денесі Ақтөбе гарнизонынан табылды. Қазақстан азаматы күзет қызметін атқарып жүріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

«23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде күзет қызметін атқарып жүрген мерзімді әскери қызметші бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады. Оның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлайды Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде тіркелген іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты», – делінген хабарламада.

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында да әскери қызметкердің суицид жасағаны белгілі. Келісімшарттағы сарбаз қызмет еткен «Орталық» РМК 6505-бөлімшесінің басшылығы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ оқыңыз