Қазақстандағы ірі қайырымдылық қорлар және олардың ашықтығы туралы мәселелер

Жарияланды (жаңартылды )
қайырымдылық жасау
Көптеген қор өз жобаларының нақты қаржылық есептерін немесе шығындарын жарияламайды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ірі қайырымдылық қорлар елдегі көптеген маңызды әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Алайда бұл салада есептілік пен ашықтықтың жеткіліксіздігі мәселелері жиі көтеріледі. 

Қорлардағы есептілік және ашықтық мәселелері сенімсіздікке алып келуде

Есептіліктің жеткіліксіздігі:

Көптеген қор өз жобаларының нақты қаржылық есептерін немесе шығындарын жарияламайды. Бұл қаржының мақсатты түрде жұмсалуы туралы сұрақтар туғызады. Көптеген қайырымдылық қордың ресми сайттарында есептілік атымен жоқ. Ал кейбір қорларда осыдан 3-4 жыл бұрынғы есептілік жарияланған.

Ашықтық стандарттарының жоқтығы:

Қазақстанда қайырымдылық қорларының қызметін реттейтін заңдар бар болғанымен, олардың ашықтығы мен есептілігін бақылау механизмдері әлсіз. Оларға мемлекеттік бақылау, аудиторлық палата сияқты құзырлы органдардың құзыреті жетпейді. Басты себеп бюджет қаражатынан тыс, жеке демеушілер мен донаторлардың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қоғамдық сенімнің төмендігі:

Кейбір қорлардың қызметі жөніндегі ақпараттың жетіспеуі азаматтардың бұл ұйымдарға сенімсіздікпен қарауына әкеледі. Егер қор өз есебін уақытылы және түсінікті форматта бермесе, оған қоғам тарапынан, әсіресе, демеушілерде күдік пайда болады.

Есептілікке қол жеткізу: қоғамдық мониторинг пен заңнаманы жетілдіру қажет

Ашықтық пен есептілік талаптарын күшейтетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы қайырымдылық қорлардың есептілігін және ашықтығына қол жеткізуге болады. Қайырымдылық қорларының жұмысына арналған тәуелсіз мониторинг жүргізу жүйесін құру. Дамыған елдерде тәуелсіз аудит қорлардың қаржылық жағдайын ашып бере алады және көптеген ірі аудиторлық компаниялар осы салада тегін қызмет атқарады. Ірі қайырымдылық қорлары үшін тәуелсіз аудит жүргізу міндетті болуы қажет.

Қорларда үлкен мәдениет қалыптасу керек. Ол ерікті түрде есеп беру жүйесіне көшу қажет. Қорлар өз веб-сайттарында немесе басқа платформаларда айқын қаржылық есептерді жариялап отыру арқылы қоғам сеніміне кіре алады.

Қазақстандағы әлеуеттік бағыттағы ірі қайырымдылық қорлар

Әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық қорлардың түріде көп және олардың әлеуметтік бағыттары да әр алуан.  Оларға:

-мүмкіндігі шектеулі балалар;

– ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;

– өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

-экология

-медицина;

– аутизммен ауыратын балалар т.б әлеуметтік бағыттарға арналған қорлар бар.

Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде қайырымдылық қорлардың ашықтығы мен есептілігі өте төмен дәрежеде. Ең ірі 10 әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық қорлардың тек біреуінде ғана толық есептілік жарияланған.

Елімізде қорлар салықтан босатылған. Дегенмен де әлеуметтік салық пен қызметкерлерге төленетін салық түрлері арқылы қайырымдылық қорлардың әлеуетін білу қиын емес. ҚР Кірістер комитеті арқылы әр қордың соңғы 5 жылда төлеген салықтары арқылы анықтап көрдік. Бұл қорлардың ішінде «Қазақстан Халқына Қоры» мен «Н.Назарбаев қоры» айналым қаражаты өзгелерден қарағанда айтарлықтай үлкен.

Елімізде өз есебі мен ашықтықты толық жариялаған жалғыз қор – «Қазақстан Халқына Қоры» болып отыр. Өздерінің ресми веб сайттарында қордың жыл сайынғы есебі мен ашықтығы туралы ақпарат өзге қорларға үлгі болатындай ашықтық саясатын ұстауда.

Қайырымдылық саласындағы есептілік пен ашықтықтың жоқтығы қоғам мен бизнес арасында сенімсіздік туғызады. Бұл бағыттағы реформалар әлеуметтік жобаларды тиімдірек іске асырып, қорлар мен халық арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді

Сондай-ақ оқыңыз