АҚШ Тайваньға қауіп төнген жағдайда Жапония аралдарына HIMARS зымыран қондырғысын орналастырады – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: army-technology.com

АҚШ теңіз жаяу әскерінің зымырандық бөлімшелері Тайваньды қорғау үшін Нансей аралдарындағы уақытша базаларда орналасады. Бұл жөнінде жапондық Kyodo ақпарат агенттігі жазды.

Вашингтон Тайвань мен Қытай текетіресінен қауіптеніп отыр. Егер жағдай күрт өзгерсе, АҚШ сол маңға қарай қару жеткізуге дайын. Бұл операция таяу күндері, желтоқсанда орындалуы мүмкін. Жалпы АҚШ пен Жапония ортақ әскери жоспар әзірлеп қойған.

Нансей аралдары тізбегі немесе «Оңтүстік-батыс аралдары» Жапонияның Кагосима және Окинава префектураларынан Тайваньға қарай созылып жатыр. Kyodo дереккөздерінің хабарлауынша, АҚШ теңіз жаяу әскері арал базаларында орналасады. Қытай қауіп төндірген жағдайда теңіз жағалауы полкі HIMARS зымыран жүйелерімен қаруланады.

Жапонияның әскери күштері америкалық жасақтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі, оған қоса отын мен оқ-дәрі жеткізеді.

Kyodo басылымы Жапония мен АҚШ қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жазды. Бұл жерде Қытайдың әскери әлеуетін күшейтіп жатқаны әсер етіп отыр. Одан бөлек Солтүстік Кореяның ядролық өндірісті дамытуға күш салғаны және осы елдің Ресейге жауынгерлер жіберуі де ескеріліп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз