Қызыл теңізде апатқа ұшыраған кемеде қазақстандықтар болған жоқ – СІМ
Жарияланды
(жаңартылды )
Бес күндік турға шыққан Sea Story кемесі 25 қараша күні Мысыр аумағында орналасқан Қызыл теңізге батып кетті. Сыртқы істер министрлігі туристер қатарында қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді.
Қызыл теңіз провинциясының әкімшілігі кеменің Шааб-Сатайе аймағында суға батқанын растады. Sea Story яхтасының апатқа ұшырағаны туралы хабарлама таңғы сағат 5:30-да (Мәскеу уақытымен 6:30) түскен. Бортта 31 туристен бөлек 14 экипаж мүшесі болған.
Кеме қатты толқынның салдарынан аударылған. Бортта Еуропа, АҚШ, Қытай азаматтары және мысырлықтардан тұратын экипаж болған.
Жолаушыларды құтқаруға тікұшақ пен әскери-теңіз күштері жұмылдырылды. 16 адам теңізде із-түзсіз жоғалды.