Жаңалықтар

Министр Қазақстандағы тұтынушылар PlayStation Store-ға тіркелуге неге рұқсат ала алмай отырғаны жөнінде айтты

Жаслан Мәдиев PlayStation ойынына рұқсат алуға тырысып жатқанын мәлімдеді / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Цифрлық даму министрі Жасылан Мәдиев PlayStation ресми өкілдігі қашан ашылатыны туралы сұраққа жауап берді.

«Қазақстандағы Жапония елшілігі арқылы сауал жібердік. Әзірше жауап жоқ. Егер Sony компанияcының өкілдерімен кездесіп жатсақ, осы мәселені көтереміз. Өздерінің ішкі саясатына байланысты PlayStation Store өніміне тыйым салынған елдер біздің аккаунт арқылы рұқсат алуы мүмкін екенінен қауіптеніп отыр», – деді министр.

2022 жылдың наурыз айында Sony Interactive Entertainment ресейлік нарықтан кетті. Сол уақыттан бері қазақстандық Sony PlayStation пайдаланушылары ҚР аумағында тікреле алмайтын болды. Сонымен қатар ресми түрде онлайн ойындарды сатып ала алмайды.

Тәжікстанның құқық қорғау органдары компьютерлік клубтарда Grand Theft Auto (GTA) және Counter Strike ойындарын таратуға тыйым салды. Орталық Азияда PlayStation ойындарына алғаш рет тыйым салған ел Тәжікстан болып отыр.