Алматыда желтоқсанда 12 тегін мұз айдыны ашылады

Жарияланды 27 Қараша 2024 16:38

(жаңартылды 27 Қараша 2024 17:01)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алматыда желтоқсанда 12 тегін мұз айдыны ашылады / фото: shutterstock

Алматының әр ауданында желтоқсан айынан бастап тұрғындар мен қонақтар үшін 12 тегін ашық мұз айдыны жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасы хабарлады.

Мұз айдындар күн сайын мына мекенжайларда жұмыс істейді:

• Абай алаңы, Республика сарайының алды;
• Halyk Arena;
• 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;
• Тұңғыш Президент саябағы;
• Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң;
• ҚБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті) ғимаратының артындағы автотұрақ;
• «Авиатор» стадионы;
• Көкжиек ықшам ауданы;
• «Гүлдер» саябағы;
• Almaty Arena;
• №6 оқушылар үйі;
• М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының алды.

Айдындарда конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Құны: екі сағатқа – 1,5 мың теңге. Жалға беру пункттері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. Егер жеке конькимен келсеңіз, сырғанау толығымен тегін.

Қала әкімдігі мұз айдындарының ашылу күні ауа райына байланысты 1 желтоқсанға жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз