Астанадағы сот оқушының мектепке орамал тағып келуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Cот оқушының орамал тағып келуін заңға қайшы деп таныды/ фото: kursiv.media

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты оқушы қыздың мектепке орамал тағып келуге болады деген уәжін жоққа шығарды. Сотқа талап қойған оқушының әкесі ішкі ережелермен келіспейтінін мәлімдеген. Ол министрдің бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбаған деп есептейтінін айтқан.

Сот «мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді» делінген қағидалардың 16-тармағының 2-тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қойған адамның шағымын мақұлдаған жоқ.

Заң органы оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюі дұрыс тұжырым деп таныды. Зайырлылық ұстанымына сай әртүрлі конфессия элементі білім беретін мекемеде көрініс таппауы тиіс.

«Білім туралы» заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық сот.

Сондай-ақ оқыңыз