Тасмағамбетов Ресейдің ҰҚШҰ-дан көмек сұрамағанын мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Россия была вынуждена запустить «Орешник» в Украину — Тасмагамбетов
Тасмағамбетов Ресейдің ҰҚШҰ-дан көмек сұрамағанын мәлімдеді/ фото: odkb-csto.org, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ресей әзірге өз аумағын Батыстың ATACMS зымырандарымен атқылауына байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұраған жоқ. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов  мәлімдеді.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың шеңберінде көмек көрсету, оның ішінде әскери көмек беру қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Өздеріңіз білетіндей, келісімнің бұл нормасы іс жүзінде қолданылған. Әзірге Ресейден мұндай өтініш түскен жоқ», – деді ол.

«ҰҚШҰ Ресейдің «Орешник» зымыран тасығышымен Украинаға жасаған шабуылдарын зерттеп, бағалайды ма» деген сұраққа Тасмағамбетов оң жауап берді.

«ҰҚШҰ барлық заманауи қару-жарақты қолдану, сынау және дамыту перспективалары тәжірибесін зерделеуде. Бұл с біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Біз сонымен бірге Ресей жаңа зымыран жүйесін сынақтан өткізуге мәжбүр болған халықаралық жағдайды бірге талдап жатырмыз», – деді ол.

Тасмағамбетов аталған ұйымның жауапкершілік аймағындағы және оның шекарасындағы жағдайды талқылайтынын атап өтті. Яғни Шығыс Еуропа, Қап тауы және Орталық Азия өңірі – ҰҚШҰ назарында.

«Әрине, мемлекет басшылары қазіргі жағдайда ҰҚШҰ мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселені таразылайды», – деді бас хатшы.

Сондай-ақ оқыңыз