Жаңалықтар

Өскеменде қатты түтіннің кесірінен мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды

Өскеменде түтін кесірінен оқушылар қашықтан оқитын болды
Өскеменде түтін кесірінен оқушылар қашықтан оқитын болды / Фото: pexel.com

Өскемендегі 64 мектептің оқушылары тыныс алу жолдарындағы ауруға әкелуі мүмкін күшті түтіннің әсерінен аптаның соңына дейін қашықтан оқуға ауыстырылды. «Қазгидромет» Өскеменде ауаның ластануы қараша айының соңына дейін сақталатынын хабарлады.

«Күзгі-қысқы кезеңде қазаннан қаңтарға дейін ауада улы түтін ең көп күн басталды. Басты себеп өңірде жел тұрмай, тұман басуы. Бұл құбылыстың ұзақтығы 5 күннен 14 күнге дейін», – деді «Қазгидромет» РМК метеоболжам бөлімінің басшысы Любовь Бухтоярова.

«Қазгидромет»  суық мезгілде қолайсыз метеорологиялық жағдай көп болатын күндер саны артып келе жатқанын атап өтті. Әдетте метеорологиялық факторлардың үйлесуі ауадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін жағдайларды атап өтті.

«Тыныс жолдары аурулары осы уақытта 11% өскенін денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Химикаттардың әсеріне байланысты диагноздар жоқ», – деді Өскемен әкімдігі. 

Өскемен қаласының дәрігері Михаил Бугайцов түтін деңгейі өскенде сақтық шараларын сақтау керек екендігін айтты:

  • Далада ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Көшеде жүгірмеу, жаттығулар жасамау;
  • Қорғаныс маскаларын қолдану;
  • Майы көп тағамдарды тұтыну;
  • Ауыз қуысын шөп дәрілерімен үнемі шайқау;

Өңір басшысы Ермек Көшербаев ауа ластануына алаңдаған тұрғындармен кездесіп, экологиялық проблемалар туралы айтты.

«Мен түтін шектен асып кеткен жоқ деп айта алмаймын, себебі өзім сыртқа шыққанда жөтеле бастаймын. Адамдар қаланың әр ауданындағы жағдай туралы білуі керек: Согра, Куленовка, КШТ, өнеркәсіптік кәсіпорындар аймағында және т.б.», — деді Көшербаев.