Түркістанда полиция ведомство рұқсатынсыз құм тасымалдаған топқа қатысты қылмыстық іс қозғады

Жарияланды (жаңартылды )
Түркістанда карьерды заңсыз пайдаланып, құм, қиыршақтас өндіргендер әшкереленді/фото: ҚДБ баспасөз қызметі (автор В. Аяпов)

Түркістан облысының Келес ауданында заңсыз жолмен құм тасымалдаған топ ұсталды. Олар мемлекетке 437 миллион теңге шығын келтірген.

Полиция департаменті жер қойнауын заңсыз игергендерді әшкереледі. Төрт адам қиыршық тасты сатып, пайда тапқан.

Жедел іздестіру шаралары кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жасағы экскаватор, жүк тиегіш пен төрт жүк көлігін тәркіледі. Басқа да заттай айғақтар табылған.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ІІМ.

Бұған дейін облыста шетелдіктерді шекарадан өтуге көмектескен адамдар ұсталғаны туралы жазған едік. Олардың жалған құжат жасағаны мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз