Шешенстан Республикасы жеті жыл бойы ажырасып кеткен 2689 отбасыны татуластырған
Жарияланды
(жаңартылды )
Шешенстан Республикасында некесін бұзған отбасыларды қайта татуластыруда. Жеті жылдан астам уақыт ішінде 5789 жұптың 2689-ының қайтадан жарасым табуына септескен. Бітімгерлік жұмысын арнайы ведомствоаралық топ атқаруда. Жұмыс топтарының құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, АХАТ қызметкерлері, дін мамандары мен ақсақалдар кіреді.
Некесін жалғастырған шаңырақтарда 5024 бала тәрбиеленуде. Ал 2264 жұп татуласудан бас тартқан. Олардың кәмелетке толмаған 5869 баласы бар, оның ішінде 3955-і әкесімен, 1914-і анасымен тұрады.
Шешен Республикасы Үкіметі әкімшілігінің Діни және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Аслан Абдулаев бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.