Израиль мен «Хезболла» арасындағы оқ атуды тоқтату келісімі бұзылды
Израиль орта қашықтықтағы зымырандар сақталған Ливанның оңтүстігіндегі Хезболла қоймасына соққы жасады. Оқиға тараптар арасындағы атысты тоқтату келісімін бұзу деп саналады.
«Израиль Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше ауданға келген көліктерде күдікті азаматтар бар деген желеумен оларға оқ жаудырды, бұл Хезболла тобымен бітімгершілікті бұзу», — деп хабарлайды Reuters.
Өз кезегінде «Хезболла» өкілі Хасан Фадлаллах Израильді келісімді бұзды деп айыптады.
«Израиль шекаралас ауылдарға оралғандарға шабуыл жасады», — деді Фадлаллах журналистерге.
Израиль әскерилері өз мәлімдемесінде қауіп төндіретін және атысты тоқтату туралы келісімнің шарттарын бұзатын бірқатар күдікті әрекеттерді анықтағанын хабарлады.
«Бұл келісімнен кез келген ауытқу отпен тоқтатылады», — деді Израиль бас штабының бастығы Герци Халеви.
Кейінірек Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскерилерге қарқынды шайқастарға дайын болу үшін бұйрық берді.
Израиль әскерилері коменданттық сағатты қайта бастады. Яғни енді қайтадан Оңтүстік Ливан тұрғындарының қозғалысын 17:00-ден 7:00-ге дейін шектейді.
Осыған дейін Израиль «Хезболла» тобымен Ливандағы атысты тоқтату туралы келісімге келіп, Ливандағы әскерін алып кететінін растаған. Келісім 27 қараша күні Астана уақытымен таңғы сағат 07:00 күшіне енген.