Алматы әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Мәслихаттың кезекті ХХIV сессиясында қалалық Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбековайтты.
«Қала әкімінің бастамасы бойынша, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырылады. Ол үшін бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді»,- деді басқарма өкілі.
Бұл әлеуметтік салада, құқық қорғау және коммуналдық салаларда еңбек ететін жастардың баспаналы болуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл қаражатқа шамамен 80 ипотекалық несие рәсімдеуге болады.
Бұдан бөлек ішкі істер органдарының 2 510 қызметкерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
https://kz.kursiv.media/kk/2024-11-29/sbn-avarialyq/?utm_source=kursiv&utm_campaign=endless_feedhttps://kz.kursiv.media/wp-json/newest-post/v1/get?post_id=6385459«Алматы жастары» бағдарламасына қалалық бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінедіhttps://kz.kursiv.media/kk/2024-11-29/sbn-almaty-jastary-2/