«ҚазТрансОйл» экспортқа бағытталған мұнай тасымалы тарифін өсіреді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: «ҚазТрансОйл»

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансОйл» магистральдық құбырлар арқылы экспортқа шығарылатын мұнай айдау қызметіне арналған тарифті 11,3%-ға қымбаттатады. Қосымша құн салығын қоспағанда, 1 мың километрге тоннасына 10 150 теңгеден 11 300 теңгеге (19,84 доллардан 22,09 долларға) дейін өсіреді.

Сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнайды ауыстырып тиеу қызметтеріне тарифтер өседі (ҚҚС-сыз):

  • Мақат мұнай айдау станциясында Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырына 6,7%-ға – тоннасына 2283,27 теңгеден 2 436 теңгеге (4,46 доллардан 4,76 долларға дейін);
  • «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында 119,2%-ға – тоннасына 337,5 теңгеден 740 теңгеге дейін (0,66 доллардан 1,45 долларға дейін);
  • «Атасу» бас мұнай айдау станциясында «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына 32,8%-ға – тоннасына 286,13 теңгеден 380 теңгеге (0,56 доллардан 0,74 долларға дейін).

Компания мұнай резервуар паркіне понтон орнатпақ. Баста мақсат – ауаға жайылатын шығарындыларды азайту.  Жаңа құрылғы мұнайдың буын «сүзіп» отырады. Сонда атмосфераға таралатын зиянды зат айтарлықтай кемиді.

Сондай-ақ оқыңыз