ҚТЖ табысы күрт төмендеді: компания 80 млрд теңге ғана табыс тапты

Жарияланды (жаңартылды )
КТЖ
ҚТЖ табысы күрт төмендеді/фото: А, Ахметуллин

2024 жылдың тоғыз айында «Қазақстан темір жолы» 80,3 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (129,5 млрд теңге) 38%-ға төмен. Компания есебінде үшінші тоқсанда ҚТЖ бір жыл бұрынғы 21,2 миллиард теңгемен салыстырғанда 2,6 миллиард теңге ғана табыс тапқаны жазылған.

Жүк тасымалының кірісі тоғыз айда бір жылмен салыстырғанда 8%-ға – 1,3 трлн теңгеге, жолаушылар тасымалдаудан – 5,3%-ға, 82,4 млрд теңгеге дейін өсті, мемлекеттік субсидиялар болмашы ғана – 29,7-ден 29,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Басқа да кірістерді есепке алғанда, жалпы түсім 1,5 трлн теңгені құрады. Қызметтердің құны 8,3%-ға – 1,1 трлн теңгеге дейін өсті. Жалпы пайда 382 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері ҚТЖ активтері 11,8%-ға – 5,5 трлн теңгеге, капитал – 6,5%-ға, 1,8 трлн теңгеге, міндеттемелер – 14,8%-ға, 3,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Қаржы есебінде компания бір жыл ішінде 369 миллиард теңге несиені өтеуі тиіс екені атап көрсетілген. Қазір ҚТЖ бұл несиелерді қайта қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл ретте топтың игерілмеген қалдық қаражаты – 192 млрд теңгені құрайтын несиелік желілері бар.

ҚТЖ-ның негізгі басқарушы құрамы 15 адамнан тұрады. Тоғыз айда оларға жалақыны қосқанда 584 миллион теңге сыйақы төленді.

2024 жылдың қарашасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Ситибанктен швейцариялық франк эквивалентінде 593 млн доллар сомаға жолаушылар және жүк локомотивтерін сатып алуға несие алған. Осы қарыз 2034 жылға дейін өтелуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз