Таиланд, БАӘ мен Түркия: қазақстандықтар қай елдерден жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр?

Жарияланды (жаңартылды )
"Жылжымайтын мүлік" бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Биыл қазақстандықтар танымал үш бағыт – Таиланд ( 20,8%), Біріккен Араб Әмірліктері (12,2%) және Түркия (11,3%) елдерінде жылжымайтын мүлік сатып алуды жалғастырған. Tranio брокерінің дерегі бойынша, 2024 жылдың 10 айында негізгі бағыттағы сұраныс көлемі мен бюджеті өзгермеген.

Дегенмен қазақстандық инвесторлардың жаңа, аса танымал емес нарықтарға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл бағыттардағы жылжымайтын мүлік бағасы да қымбат.

Tranio брокерінің дерегіне сүйенсек, 2023 жылдың 10 айында қазақстандықтардың сұранысы негізінен бес көшбасшы аймақтарға шоғырланған еді. Атап айтқанда: Таиланд, БАӘ, Франция, Түркия және Испания. Былтыр жалпы сұраныстың 73%-ы осы елдерге тиесіліс болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 60%-ға дейін төмендеген. Яғни инвесторлардың сұранысы сәл өзгерген.

Биыл қаңтар-қазан айларында Таиландтағы жылжымайтын мүлікке деген сұраныс 1,7%-ға төмендегенімен, бюджет көрсеткіші бірден 14%-ға азайып, 121 мың долларды құраған. Бұл ел Қазақстан азаматтарының арзандау жылжымайтын мүлік сатып алатын алғашқы ондығына кіреді.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жылжымайтын мүлікке деген сұраныс былтыр шарықтау шегіне жеткен (21 пайыз). Биыл бұл елдегі тұрғын үйлерге деген қызығушылық сәл басылып қалды.

Оған қоса сатып алынатын үйлердің орташа бағасы да екі жыл қатарынан төмендеп келеді. 2022 жылы сатып алынған жылжымайтын мүліктің орташа бағасы 335 мың доллар болса, 2023 жылы ол 41%-ға төмендеп, 198 мың долларды құраған. Биыл тағы да 13%-ға азайып, 173 мың долларға тең.

Түркия да өзінің танымалдығынан айырылып жатыр. Қазақстандықтардың Түркиядағы жылжымайтын мүлікке сұранысы 15%-ға, ал орташа бюджеті 20%-ға, яғни 188 мың долларға дейін төмендеді.

Қай елдерге қызығушылық артып келеді?

2024 жылы АҚШ пен Индонезия ең жақсы өсім көрсеткен мемлекеттер қатарына қосылды. АҚШ-та сұраныс 13%-ға өсті, ал қазақстандықтар сатып алатын жылжымайтын мүліктің бюджеті 15%-ға арттырып, 600 мың долларға дейін жетті. Бұл – Қазақстан азаматтары сатып алатын жылжымайтын мүліктегі ең жоғары орташа бағам.

Индонезияда да сұраныс 13%-ға өсіп, жылжымайтын мүлік сатып алу бюджеті 2024 жылы екі есе көбейіп, 174 мың долларға жетті. Бұл елде былтыр алғашқы қадамын жасаған қазақстандық сатып алушылар, 2024 жылы жаңа ұсыныстарды қабылдап, нарыққа ірі бюджетпен шықты.

Сондай-ақ 2024 жылы Италия (+49%) мен Германияда (+27%) сұраныс өскен. Алайда бұл елдердегі сұраныс әлі де көш басындағы мемлекеттерден көп төмен.

Қазақтарды шетелдегі жылжымайтын мүлік неге қызықтырады?

2023 жылы әрбір үшінші қазақстандық инвестор шетелдегі жылжымайтын мүлікті тұруға ықтиярхат немесе азаматтық алу мақсатында сатып алса, 2024 жылы мұндай өтініштер екі есе төмендеген.

Tranio мәліметтеріне сәйкес, биыл Қазақстан азаматтары шетелдегі жылжымайтын мүлікті көбінесе демалыс, жалға беру немесе болашақта көшу үшін сатып алған. Сондай-ақ шетелде балаларын оқыту үшін баспана сатып алу екі жарым есе артты.

Қазақстандықтар көбінесе тұрғын үйді хош көреді. Тек БАӘ ғана коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға тартымды болып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз