Жаңалықтар

Қазақстанда алтын мен күмісті әкелу, әкету ережелері бекітілді

Қазақстанда алтын әкелу және әкету ережелері бекітілді / фото: shutterstock

Қазақстанда aлтын мен күмісті ел аумағына әкелу және одан шығару тәртібін реттейтін жаңа ережелер қабылданды. Бұл құжат ҚР Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығымен бекітілді. Ережелер алтын мен күмістің ел ішіндегі айналымын реттеу, заңсыз әрекеттердің алдын алу және халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Ережелерге сәйкес, Қазақстан аумағына aлтын мен күмісті әкелу немесе елден шығару тек арнайы тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ережелер тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты. Атап айтқанда:

• Алтын мен күмісті әкелу немесе әкету кезінде кедендік декларация толтырылуы тиіс.
• Құнды металдарды тасымалдау тиісті құжаттармен, соның ішінде заңды иелік ету туралы дәлелдемелермен расталуы қажет.
• Әкелінетін және әкетілетін aлтын мен күмістің салмағы мен үлгісі туралы толық ақпарат берілуі міндетті.

Шектеулер мен талаптар

Ережелерде алтын мен күмістің белгілі бір мөлшерден асып кеткен жағдайда арнайы рұқсат алу қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар құнды металдарды заңсыз әкелуге немесе әкетуге тырысқандар үшін жауапкершілік қарастырылған.
Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының кедендік және қылмыстық заңнамасына сәйкес реттеледі.

Еске сала кетейік, алтын бағасы 2024 жылы қатты көтерілді. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында бұл сирек металл ең тұрақты инвестиция саналады. Сол себепті де қыркүйек айының бастап алтын бағасы қымбаттады.