Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін сату нарығындағы ірі ойыншы – Petrosun ақыры жабылатын болды. Бұрын бұл компания 2022 жылдың тамыз айына дейін Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қарасты құрылымдармен үлестес болып келді. Сосын «Қазмұнайгазға» берілген болатын.
«Petrosun ЖШС қызметі кезең-кезеңмен KC Energy Group ЖШС-ға өтеді», – делінген «ҚазМұнайГаздың» аралық қысқаша қаржы есебінде.
2023 жылдың желтоқсан айында Petrosun-ға иелік ететін «ҚазМұнайГаз» бен CNPC International Kazakhstan отын нарығында жұмыс істеу үшін KC Energy Group ЖШС атты тағы бір бірлескен компания құрған болатын. Оның 49% акциясы – ұлттық компанияға, 51%-ы халықаралық компанияға тиесілі.
Содан бері жаңа KC Energy Group ЖШС іс жүзінде Petrosun-ды жанар-жағармай нарығынан ығыстырып шықты.
2024 жылдың ақпан айында KC Energy Group ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытына алғаш рет шикі мұнай жеткізген. Қаңтар және наурыз айларының аралығында KC Energy Group ЖШС еліміздегі үш зауытпен де жұмыс істей бастады.
Қазақстанның энергетика министрлігі бекіткен, қаңтар айына арналған мұнай өңдейтін зауыттарға шикізат жеткізу жоспарында тек қана KC Energy Group жеткізілімдері ғана көрсетілді. Мұның өзі Petrosun уақыты өткенін көрсеткен еді.