![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/12/f055a4f0-67d3-44ce-81fd-11c267c5da84-1024x640.webp)
Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауында өскемендік 22 жастағы Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 үміткер қатысты.
Финалдық кезеңде бірнеше арнайы номинациялар тағайындалды:
- Айдана Әбілқасова — «Вице-мисс Қазақстан 2024»,
- Томирис Қадырхан — «Жер аруы 2024»,
- Дана Алмасова — «Ғалам аруы 2024».
Биылғы байқау ерекше концепциясымен көзге түсті. Ұйымдастырушылар сұлулық стандарттарына деген қоғамдағы стереотиптерді жоюды мақсат тұтты. «Әйел болу өнер» («The Art of Being a Woman») деп аталған тақырып аясында қатысушылардың ішкі әлемі мен тұлғалық қасиеттеріне басымдық берілді.
Бағым Балтабаева енді Қазақстан атынан «Әлем аруы» халықаралық байқауында бақ сынайды.