Qalam-ның апта таңдауы: Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы

Жарияланды 7 Желтоқсан 2024 10:08

(жаңартылды 7 Желтоқсан 2024 18:17)
Фото: kursiv.media 

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптадағы шолуымызда Дәулет Елеместің «Кошер емес, бірақ халал» танымдық мақаласы бар. Сондай-ақ жуырда ғана жарыққа шыққан қазақстандық әншілердің музыка энциклопедиясы туралы «91—23: Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы жайлы» жазбасын қосып отырмыз. Бұдан бөлек «Жүзік тәрізді қабылан» зерттеуін оқып, Ордақұлдағы жүзіктей оратылған қабылан пішіндес құпия петроглифтердің сырлы да тылсым құпиясына қанығасыз және XIX ғасырдың соңындағы Ақмола облысындағы ақсақалдар кеңесімен таныс боласыз.

Кошер емес, бірақ халал

Балидің оңтүстігінде орналасқан балық базары/Alamy

Израильге бара қалсаңыз, кошер тағамдарды әзірлейтін мейрамханадан және кошер өнімдер сататын дүкеннен асшаян таппайсыз. Танахта «… Жер бетінде бар хайуандардың ішінен мыналарды жеулеріңе болады: суда мекендейтін мақұлықтардың қайсысында қанат пен қабыршық болса, соны азық ете аласыңдар. Олар қай суда кездеспесін, мейлі теңізде болсын, мейлі өзенде болсын, жеулеріңе болады. Бірақ теңізде не өзенде құжынап жүзіп жүретін және суда мекендейтін басқа да мақұлықтардың қайсысында қанат пен қабыршақ болмаса, оларды жеуге болмайды, жиренішті деп санаңдар!» деп нақты айтылған.

«Неліктен иудейлерге асшаянды жеуге болмайды, ал мұсылмандарға рұқсат етілген» деген сұраққа жауап тапқыңыз келсе, сілтемеге өтіңіз.

«91—23: Тәуелсіз қазақстанның танымал музыкасы жайлы»

«А-Студио» тобы, алғашқы жылдар/vk.com/astudiomusic

Тәуелсіз Қазақстанның танымал әуендерінің толық энциклопедиясы бірден-ақ Айра Роббинс пен басқа да классикалық музыка мұрағатшыларының ең озық дәстүріне сай болып шықты.

Академиялық ұстанымға қарамастан, бұл энциклопедия жеке адамның қолынан шыққандай көрінеді: мысалы, оны жазған адамдардың тәуелсіз музыкаға бүйрегі бұратыны анық байқалады. Сөйте тұра түрлі бағыттағы жиі тыңдалатын поп пен эстрада да өзіне лайық, құрметті орынды иеленген. Жалпы алғанда, осы сипаттағы озық зерттеулерді тәуелсіз музыканы сүйіп тыңдайтындар жасай алатынын айта кету керек, себебі әдетте ресми қалыптан шыға алатындар поп-музыканы жақсы көреді және ол туралы жаза алады. Толығырақ сілтемеде

«Жүзік тәрізді қабылан»

Жүзік тәрізді қабылан. Ордақұл. Сурет/Ольга Гумирова

Қай кезде болмасын археологтар қалың платинамен көмкерілген петроглифтерден тосын жаңалық күтеді. Мұндай қабат қосымша бейнелерді жасыруы мүмкін болғандықтан, мамандар осы тақілеттес дүниелерді зерттеу кезінде ерекше мұқият болуға тырысады. Жетісулық Дауылбай тауларындағы Ордақұл петроглифтері бұл үмітті ақтады. Оның беткі қабатын мұқият зерттеу барысында әлдебір графикалық бейне бар екені анықталды. Бұл — жүзіктей оратылған қабылан бейнесі еді.

Ордақұл қабыланы тас бетінде көрінер-көрінбес бейнеленген, бірақ оның рухы мыңдаған жылдар бойы Жетісудың тыныштығын күзетіп тұрғандай.

Ақмола облысындағы ақсақалдар кеңесі

«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халықтың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam түрлі дәуірден бізге кеп жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа айдар қосты. Осы аптада ақсақалдар кеңесі туралы фотосуреттерді іріктеп алдық.

Ақсақалдар кеңесі — ауыл тұрғындары мен туған-туыстың қарым-қатынасын басқарудың дәстүрлі формасы екенін еске сала кетейік.

Бүгін ұсынылып отырған фотосуреттерді 1895 жылы Ақмола облысында Жюль де Кювервиль түсіріпті. Франция теңіз әскері флоты штабының болашақ бастығы қазақ даласына Сібір мен Орталық Азияны аралаған саяхаты барысында келген екен.

Сондай-ақ оқыңыз