Жаңалықтар

Республикадағы кәсіпорындар 18 мың қызметкеріне жалақы бермеген

Фото: shutterstock

2024 жылы елдегі мекемелер қызметкерлеріне 4,4 млрд теңге көлемінде жалақы бермеген. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Биылғы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, республикадағы 277 кәсіпорын жұмыскерлеріне жалақыны толық бермегені анықталды. Нақтырақ айтқанда, еліміздегі 18,7 мың қызметкер еңбекақысын толық алмаған.

Еңбек инспекторлары түрлі ұйымдарда тексеру жүргізіп, 7,5 мыңнан аса құқық бұзушылық анықтаған. Жалақы бойынша қарыз болған мекемелерге 50,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді»,- деп жазды министиліктің ресми сайтында.

Жалпы осы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізіп, 7 583 заң бұзушылық анықталды.

Тексеру нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Осы жылы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде ең жоғары еңбекақы беретін мамандықтар тізімін жариялады

2024 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша, құрылысшылар мен авиация саласының инженерлеріне, тау-кен өнеркәсібіндегі басшылық қызметке сұраныс артқан. Ондай маман иелеріне 500-700 мың арылығында жалақы ұсынған.