«Save the Caspian Sea» – қазақстандық экологтар жаһандық қозғалыс бастады

Жарияланды 13 Желтоқсан 2024 14:01

(жаңартылды 13 Желтоқсан 2024 14:19)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
«Save the Caspian Sea» - қазақстандық экологтар жаһандық қозғалыс бастады
«Save the Caspian Sea» – қазақстандық экологтар жаһандық қозғалыс бастады / Фото: архив kursiv.media

Қазақстандық экологтар мен ғалымдар Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарысты шешу үшін  «Save the Caspian Sea» (Каспий теңізін құтқарайық) атты жаңа жаһандық қозғалыс бастады.

«Жылдар бойы жүргізілген талқылауларға, өткізілген жиындарға және үкіметтік емес ұйымдардың шашыраңқы әрекеттеріне қарамастан, жағдай нашарлап барады. Каспий теңізі маңызды бетбұрыс кезеңде тұр және біздің жасайтын таңдауымыз оның болашағын анықтамақ. Мүдделі тараптардың, соның ішінде Каспий жағалауындағы ел үкіметтерінің, өнеркәсіптің және қауымдастықтардың күш-жігерін біріктіретін уақыт келді», — деді қоршаған орта және климат жөніндегі заңгер, қозғалыстың негізін қалаушы Вадим Ни.

Қозғалысты «Crude Accountability», «Глобус» және «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымдары қолдады. Олар аймақта корпоративтік жауапкершілікті, био алуандықты сақтау бойынша насихат жүргізуді көздеп отыр. 

«Save the Caspian Sea»
«Каспий теңізін құтқарайық» жобасы

Сарапшылар Каспий мәселесі өңірлік емес, жаһандық маңызы барын алға тартады. Ол экологияға ғана емес елдердің экономикасына да орасан ықпал етеді. Қазір қозғалыс өкілдері бастамаға қаражат жинауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Каспий теңізінің аумағы жылына 70 сантиметрге тартылып келеді. Қазақстандағы жағалаудың 18 шақырымында су тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз