Жаңалықтар

Қазақстанға тасымалданған жаңажылдық тауар көлемі бір жылда төрт есе көбейді

Қазақстанда жаңажылдық тауар көбейді/ pexels.com

Қараша айында Жаңа жыл мерекесіне арналған тауарлар елде төрт есе өсті. Ұлттық стаитсика бюросының мәліметі бойынша бір жылғы мәліметпен салыстырып қарағанда бұйымдар саны 0,8 мыңнан 2,9 мың тоннаға дейін көбейді.

Data Hub-тың жазуы бойынша күзде мерекеге дайындық күшейеді. Соған байланысты тауарлар бірінен соң бірі көбейеді. Жыл бойына келетін заттардың көлемін  есептесек, 2023 жылы 67%-ы, 2022 жылы 74%-ы осы күз айларында сатылған.

Шамамен бұйымдардың тоннасы 1,9 мың долларға сатылған. Бірақ бұл көрсеткіш саудаға қызыға қоятындай емес. Мұндай төмен баға 2015 жылдан бері тіркелмеген.

Data Hub мұны импорт ағынының өзгеруімен байланыстырады.

«Осының барлығына сүйене отырып, өсім негізінен импорт құрылымының өзгеруімен байланысты деп болжауға болады. Осылайша, жеткізушілер бағасы арзан, салмағы ауыр тауарларды импорттай алады. Айтпақшы, Қазақстанға жаңажылдық тауарлардың негізгі бөлігі Қытайдан келеді», – деп жазды телеграм-арна.

Қыркүйекте де жаңажылдық бұйымдар көп сатылды. Сол айда 2,4 мың тонна тауар келгенімен, қазандікінен әлдеқайда аз. Сонда барлық тауардың 84%-ы күзде айналымға түскен.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімдігі жаңажылдық шараларды өткізуге 800 мың теңге жұмсамақ.