Lifestyle

Хелсиньки әуежайында Қазақстанға бағыт алған жекеменшік ұшақ тоқтатылды

Хелсинькиде Қазақстанға бағыт алған ұшақ тоқтатылды
Хелсинькиде Қазақстанға бағыт алған ұшақ тоқтатылды / Фото: wikipedia.org, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Финляндияның Хелсиньки әуежайында Қазақстанға бағыт алған Beechcraft атты жекеменшік ұшақ желтоқсан айының басында тоқтатылып, әлі ұша алмай жатыр. Бұл туралы литвалық LRT басылымы жазған.

Желтоқсан айында Литвадан Ресейдің Псков қаласына ұшып, Хельсинки әуежайына жанармай құю үшін қонған. Фин шенеуніктері маршрутты ескеріп, ұшқыш санкцияларды айналып өтті деп күдіктенген. Ұшқыштардың бірі Литва азаматы Робертас Петкус бұрын санкциялардан жалтару схемаларына қатысқан деп күдікке ілінген. 

Басылымның хабарлауынша, Beechcraft ұшағы жаңа сатып алушыға жеткізілуі керек болған. Вильнюсте сатылған ұшақ Қазақстанға келу керек болған. Жеке ұшақ елдегі базаға жеткізілуі керек еді. Бұл туралы басылымға ұшақ бортында болған Робертс Климович есімді азамат айтып берген.

«Ресейде ұшақ сату деген ойымда болған емес, Қазақстанға ұшып барамын. Авиацияға қызығатын адам ретінде Ригадағы ұшу мектебінің негізін қалағанмын. Қазір Қазақстанда әуе базасын құруды көздеп отырмын. Осы жоспар бойынша ұшаққа отырғанмын», – деді Климович.

Литвадан сатылымға шыққан ұшақты Латвия азаматы сатып алған. Ол азамат Климовичтің туысы болып келеді. Климовичтің өзі делдал болғанын айтқан. Ұшақтың Хельсинкиде тоқтауына байланысты ол Финляндия сотына шағым түсірген.