Алматы қаласының Мирас ықшам ауданында құны 9 млрд теңгеден астам зәулім сарай сатылымға шығарылды.
«Крыша» іздеуі жүйесінде пайда болған ақпаратқа сүйенсек, тұрғын президент саябағы мен Мирас мектебінің жанында орналасқан. Әйгілі «Жайлау» гольф-клубына да жақын тұр.
Айта кетейік, хабарламада тұрғын үйдің картадағы болжамды орны ғана көрсетілген, нақты мекен-жай туралы ақпарат жоқ. Алайда тұрғын үйдің аумағы туралы ақпарат бар: 2300 шаршы метр болатын 3 қабатты тұрғын үйдің жер учаскесі 290 соток.
Жария болған суреттерді іздеу жүйесіне салған кезде осы тұрғын үйдің сәулетімен, безендіруіне қатты ұқсайтын ғимарат табылды. Ресей архитекторларын іздеу жүйесінде жария болған суреттерге арнайы түсініктеме берілген.
Түсініктемеде тұрғын үйдің ресейлік сәулетші Александр Бурыкиннің шығармасы екені жазылған. Негізгі үйдің аумағы 2 500 шаршы метр, ал қосымша қонақ үйдің аумағы 1 500 шаршы деп көрсетілген.
Үйдің ішінде шаңырағы әйнектен және қабырғалары панорамалық терезелермен әрленген бассейн бар («Крыша» іздеу жүйесіндегі тұрғын үйдің бассейнімен бірдей). Ресейлік жүйенің ақпаратына сүйенсек, үйдегі бассейн мен өзге де негізгі бөлмелерді жабдық және әрлендірумен ресейлік компаниялар айналысқан.
Бурыкин өз жобасын сипаттағанда 19-ғасырдағы классикалық сарай деп жазған. Интерьер орыс сарайларының дәстүрі бойынша таңдалғанын атап өткен.