Жаңалықтар

Санкция әсері. Ресей азаматтары Еуропаға көбіне Қазақстан арқылы ұшады

Ресей азаматтары шетелге Қазақстан арқылы жиі ұша бастаған / Фото: kursiv.media

Ресей азаматтары Еуропа мен Азия елдеріне Қазақстан арқылы жиі ұша бастаған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Ресейден көп жолаушы Қазақстанға келіп, Қазақстан арқылы шетелге ұшатын болған. Білуімше, көп азамат бірінші Астанаға келеді. Ол жерден Еуропа елдеріне аттанады. Сондай-ақ Екатеринбург-Тараз бағыты бойынша ұшып келіп, Тараздан ары қарай Пхукет, Вьетнам бағыттарына ұшады. Осылайша біз Ресей жолаушыларын Қазақстанға әкеліп, шетелге тасымалдап жатырмыз», – деді министр.

Сонымен бірге министр Қазақстанның авиатасымалы саласындағы әлеуетін арттыру үшін 10 жаңа ұшақ сатып алынғанын, ал 2025-2026 жылдар әуе компанияларының қосымша 23 ұшақ сатып алатынын айтты.