Албания билігі TikTok платформасына 1 жылға тыйым салады
Албания билігі TikTok платформасына 1 жылға тыйым салады. Бұл елдің үкіметі әлеуметтік желіні «балалар мен жасөспірімдерге арасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттікті арттыра түсті» деп айыптап отыр.
Бұл шешімге не әсер етті?
Албания билігінің мұндай шешім шығаруына 14 жастағы баланың өлімі себеп болған. Мектеп оқушылары TikTok желісінде отырып, өзара келіспей қалған. Мұның арты үлкен жанжалға ұласып, оқушылар арасында төбелес болған. Төбелестен 14 жастағы жасөспірім қайтыс болған.
Бұл оқиғадан кейін TikTok платформасында жастар қылмыс жасаған жасөспірімді қолдап видео-үндеулер жариялай бастаған. Осыдан кейін Албания үкіметі осындай трагедияға жол ашқан әлеуметтік желіге тыйым салу туралы шешім қабылдаған.
Бұл заң жобасы 2025 жылдың басынан күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Бір жыл аралығында бұл платформаны жасы мен кәрісі де пайдалана алмайды. Ата-аналармен және мұғалімдермен кездесу Албания премьер-министрі Эди Рама «елдің барлық азаматтары TikTok-ты пайдалана алмайды, елде бұл платформа болмайды» деп мәлімдеген.
Қазақстанда тыйым салына ма?
Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан үкіметі TikTok пен Meta-ға қосымшаларын пайдалануға қатысты жаңа талаптар қоятынын, әлеуметтік желіге елге тыйым салу көзделмейтінін айтты.