2025 жылдан бастап жүкті және босанған әйелдерге берілетін декреттік төлем көлемі өзгереді. Бала күтімі үшін жәрдемақы қандай болады? Kursiv Media шолу дайындады.
Елімізде босанғаннан кейін берілетін екі жәрдемақы түрі бар. Біріншісі – сүйіншіпұл. Оны тек босанғаны үшін ғана бір рет қана төлейді. Ал екінші түрі – 1,5 жыл бойы бала күтімі үшін ай сайын төлейтін жәрдемақы. Оның мөлшері әр әйелдің босанғанға дейінгі жалақысына байланысты өзгереді. Жұмыс істемейтіндерге берілетін жәрдемақы тұрақты бекітілген. Келесі жылы АЕК көлемінің өзгеруіне байланысты декреттік төлемдер де басқаша болады.
Бала туғаны үшін мемлекет беретін бір реттік төлем. Бірінші, екінші және үшінші бала туылса 149 416 тенге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге (63 АЕК) болады.
Бір жарым жасқа дейін бала күтімі үшін берілетін төлемдер:
Бірінші балаға – 22 649 теңге (5,76 АЕК)
Екінші балаға – 26 777 теңге (6,81 АЕК)
Үшінші балаға – 30 867 теңге (7,85 АЕК)
Төртінші және одан кейінгі балаларға – 34 995 теңге (8,90 АЕК)
4 баладан асатын көпбалалы және орта, жоғары білім алып жатқан отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі де өзгереді. Жәрдемақы көлемі отбасындағы бала санына байланысты өзгереді.
4 балалы отбасы – 63 030 теңге (16,03 АЕК)
5 балалы отбасы – 78 798 теңге (20,04 АЕК)
6 балалы отбасы – 94 565 теңге (24,05 АЕК)
7 балалы отбасы – 110 332 теңге (28,06 АЕК)
8 және одан көп балалы отбасылар – 15 728 теңге (4 АЕК) әр балаға
«Алтын алқа» иегеріне және бұрын «Батыр ана» статусын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі орденімен наградталғандар үшін берілетін ай сайынғы мемлекеттік төлем – 29 097 теңге (7,4 АЕК)
«Күміс алқа» иегеріне – 25 165 теңге (6,4 АЕК)
Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-ана немесе қамқоршыға төленетін жәрдемақы – 74 428 теңге (күнкөріс минимумының 1,61 бөлігі)
Қазақстанда сүйіншіпұл мен бір жарым жасқа дейінгі жәрдемақы проактив түрде бекітіледі. Яғни автоматты түрде әйелдің базада тіркелген жайлы хабарлама келеді. Қосымша құжаттар қажет болса, сол хабарламада жазылады.
Бұған дейін декреттік төлемді қалай рәсімдейтіні жайлы мына жерде толық түсіндірген едік.