25 желтоқсан күні Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі шықты. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 271 азамат сапалы білім алу үшін шетел асады.
«Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды», – деп хабарлады халықаралық бағдарламалар орталығы.
Тізімді компания сайтынан көруге болады.
Бұған дейін Kursiv Media бағдарламаға оңай құжат тапсыруға болатынын жазды. Үміткерлерді іріктеу бес факторға байланысты болады.
Желтоқсан айында Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын сарапқа салды. Осы заңда дарынды оқушыларды бакалавриатты оқуға мүмкіндік беру қарастырылған.