Alibaba, Aliexpress, Apple, Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo және Temu сынды ірі компаниялар Қазақстан бюджетіне кейінгі 3 жылда 70 млрд теңге салық төлеген. «Google салығы» деген атаумен белгілі салық Қазақстанда 2022 жылы енгізілген.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінде, Қазақстанда электронды саудамен айналысатын 98 шетелдік компания тіркелген.
«Google салығы» электронды саудамен айналысатын және жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдарға салынады. Қазақстанда кейінгі 2 жылда шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылау күшейтілген. Осы мақсатта Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Егер шетелдік компания Қазақстанда заңды түрде тіркелмесе, ел аумағында оның жұмысына тыйым салынуы мүмкін.
2022 жылы «Google салығы» есебінен бюджетке 13 млрд теңге салық төлеген болатын. Ал 2023 жылы төленген салығы 24 млрд теңгені құрады. Ал қалған бөлігі 2024 жылы жиналған салық.