«ҚазТрансОйл» бен Қарашығанақ кен орнының операторы – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» «Қарашығанақ-Атырау» тасымал жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша жаңа шарт жасасқан. Бұл келісім 2025 жылы күшіне енеді.
«ҚазТрансОйл» «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына «Қарашығанақ-Атырау» құбыры бойынша 20 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.
Одан бөлек, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «МұнайТас» Солтүстік-Батыс
құбыр компаниясы» ЖШС, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС және басқа да
ұйымдарға тиесілі құбырларға қызмет көрсететін оператор. Мұндай құбырлардың ұзындығы 5 мың шақырымнан асады.
«ҚазТрансОйл» АҚ – ұзындығы 5,4 мың шақырым магистральдық мұнай
құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді. 5 мың шақырымнан астам өзге ұйымдардың құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызмет көрсетеді.
ҚТО 2001 жылы Үкімет қаулысымен құрылды. 10% акциясы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында сатылды. Олар миноритарлық акционерлерге тиесілі. ҚТО-ның негізгі акционері (90%) «ҚазМұнайГаз».