Салық комитеті 2025 жылы Қайрат Шәріпбаев, Айдын Рахымбаев, Тимур Құлыбаевтардың компанияларын тексермек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Мемлекеттік кіріс комитеті 2025 жылдың бірінші жартысында тексерілетін компаниялар тізімін бекітті. Оған ірілі-ұсақты 655 компания енген. Олардың арасында миллиардер Тимур Құлыбаев, Қайрат Шәріпбаев, Айдын Рахымбаевтардың компаниясы бар.

Салық органдары бұл компаниялардың қанша салық төлеп, әлеуметтік жарналарды қалай аударғанын тексереді. Кешенді тексеріс орта және шағын орта бизнес нысандары, ірі құрылыс компаниялар мен кәсіпорындарда жүреді.

Қандай ірі компаниялардың салығы тексеріледі?

Тексерілетін компаниялар тізімінде 623-қатарда миллиардер Айдын Рахымбаевтың «BI Group» Ltd. жеке компаниясы көрсетілген. Ірі бизнес нысанының құрылтайшылары қатарында Рақымбаевтан бөлек, 23 адам мен қоғамдық қор бар. Бұл қордың түпкі иесі – Айдын Рақымбав.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, жеке компания 2022 жылы – 134 мдн теңге , 2023 жылы -252 млн теңге, ал 2024 жылы 215 млн теңге салық төлеген.

Ірі компания ретінде тізімге Dala Project компаниясы енген. Оның түпкі акцинерлерінің бірі – Тимур Құлыбаев. egov.kz мәліметі бойынша, компаниянык 4 құрылтайшысы бар: Айдан Сүлейменова, Диана Байтасова және Joint Technologies пен Asia Invest Project ЖШС. Joint Technologies компаниясына Раушан Сағдиева мен Тимур Құлыбаев иелік етеді. Asia Invest Project ЖШС-ның құрылтайшылары – Бауыржан Тойбазаров пен Нұржан Сартбаев.

Маматраиымов Ғабитке тиесілі «Диал-Строй» құрылысы компаниясы да осы тізімде. Компания 2023 жылы 535 млн теңге салық төлесе, 2024 жылы бюджетке 814 млн теңгеге жуық салық аударған.

Тағы қандай компания бар?

Мемлекеттік кірістер комитетінің тізімінде «Үшқұю» компаниясы да бар. Оның 23%-ы акциясы 2020-2022 жылдары QazaqGaz компаниясын басқарған Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Шәріпбаев Дариға Назарбаеваның күйеуі екені айтылады. Сонымен қатар бұл компанияда Ерлан Мырзағалиев пен Ержан Достыбаевтың үлесі бар.

Қазақстандағы шығын зауытының иесі – Orda Glass компаниясының да салық есебі тексеріледі. Ол Ұлыбританияның Виргин аралыннда тіркелген CHARM KING DEVELOPMENT LIMITED компаниясына тиесілі.

Сонымен қатар салық орғандары Arbuz онлайн-супермаркетін, «Ғылым қорын», шойын мен болат өндіретін «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd компаниясын, «Alma Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексермекші.

Сондай-ақ оқыңыз