Қар, боран және тұман – 27 желтоқсанға ауа райы болжамы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ауа райы бүгін
Қар, боран және тұман – 27 желтоқсанға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронттар ықпалында болып, соның әсерінен кей өңірлерде қар жауып, кей өңірлерде қарлы боран болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда күн райы бұзылып, қатты жел тұрып, тұман болады.

Ал елдің батысы мен оңтүстігінде қазіргі жылы ауа райы сақталып, күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Дегенмен шығыс-солтүстіктен келген қарлы боран әсерінен елдің барлық аумағында жақын күндері тұман түсуі мүмкін. Сондықтан метереологтар көлікпен алыс сапарға шықпауды, ал жаяу жүргіншілерге тайғақ көшелерде абай болуды ескертеді.

  • Астанада көшпелі бұлт, аздаған қар жауады, түнде температура −11–13 °C, күндіз -6 -8 °C.
  • Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -5 -7 °C, күндіз + 1 -3 °C.
  • Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -4 -6 °C, күндіз + 5 -7 °C.
Сондай-ақ оқыңыз