ChatGPT жасанды интеллект жұмысында ақау пайда болды. OpenAI әзірлеген жасанды интеллект жүйесінің жұмысына қолданушылар шағым түсіріп жатыр.
OpenAI ресми деректеріне сүйенсек, ақау серверлердің жүктемесіне немесе техникалық жаңартуларға байланысты туындауы мүмкін. Жасанды интеллект жүйелері үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады. Мұндай процестер кейде уақытша үзілістерге әкеледі. Сонымен қатар платформаға бір мезгілде қосылған пайдаланушылар санының артуы да серверлердің жұмысына әсер етуі ықтимал
Компания бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрап, ақауды тез арада шешуге тырысатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Apple жаңа IРhone-дарға ChatGPT жасанды интеллектісін енгізіп, iOS 18.2 нұсқасын шығарды