Блогер Жузефина 10 күнге қамалды

Жарияланды 25 Маусым 2026 17:24

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Блогер Жузефинаның қамалды / Фото: instagram.com/juzzefina24 бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Жузефина атымен белгілі блогер Жұлдыз Жауынбаева 10 күнге әкімшілік қамауға  алынды. Бұл туралы Алматы қаласы полициясы хабарлады.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желіде әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы мәлімдеген.

«Жария мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізілді. Контент авторы және оның ата-анасы анықталып, олардан жауап алынды. Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмады.

Бейнежазбада Алматы қаласының тұрғыны тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық куәландыру есірткі заттарын қолдану фактісін растады», – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ блогердің әрекетінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.

Сот шешімімен блогер Жузефина 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны және ресми ескертуді бұзғаны үшін оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Жузефинаны полиция бөлімшесіне алып кеткені хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз