Tesla Қытайда сатылым бойынша рекорд орнатты

Жарияланды 5 Қаңтар 2025 08:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Tesla Қытайда сатылым бойынша рекорд орнатты / фото: архив kursiv.media

2024 жылдың қорытындысы бойынша Tesla Қытайда сатылым көлемін 8,8%-ға арттырып, рекордтық 657 мың көлік сатты, деп хабарлайды Reuters.

Қытайдың өз көліктері сұранысқа ие болғанына қарамастан Tesla өз позициясын нығайтып, жергілікті сатып алушылардың қызығушылығын қайтарып алды.

Қараша айында сатылымдар қазан айымен салыстырғанда 12,8%-ға жоғары болды. Желтоқсан қорытындысы бойынша Қытайда 83 мың электромобиль сатылған.

Қытай нарығы Tesla үшін екінші маңызды нарық болып табылады. Компанияның жалпы сатылымының 36,7%-ы Қытайға тиесілі. Tesla Қытайдағы өсім қарқынын сақтау үшін жеңілдіктер мен икемді бөліп төлеу бағдарламаларын белсенді түрде қолданып келеді.

Алайда, Қытайдағы жетістіктерге қарамастан, Tesla 2024 жылы жаһандық сатылымын 1,1%-ға төмендетті. Бұл төмендеуге Еуропадағы жеңілдіктер мен субсидиялардың қысқаруы, сондай-ақ АҚШ-тағы және әлемдік нарықтағы басқа электромобиль өндірушілерімен, соның ішінде қытайлық BYD компаниясымен қатаң бәсекелестік әсер етті.

Сондай-ақ оқыңыз