Қазақстан туризмінің елшісі атанған жапондық блогер Юджи кім?

Жарияланды 8 Қаңтар 2025 12:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

Қазақстанда ерекше танымал болған жапондық блогер және полиглот Юджи Белеза Алматы облысының табиғатынан ләззат алып, қазақ тілін жетілдіру үшін тағы да Қазақстанға келді.

26 жастағы блогер елде қазақтарға ұқсас келбеті мен қазақстандық шоколадқа деген сүйіспеншілігі арқылы әлеуметтік желіде танылды. Kursiv LifeStyle блогермен сұхбаттасып, оның Қазақстандағы танымалдығы мен тілдерді үйренуі туралы әңгімелесті.

Блогерлік жолдың бастауы

Юджи блог жүргізуді 2023 жылдың қыркүйегінде бастаған. Алғашқы видеолары түрік тілінде түсірілген. Ол бейнероликтерінде туристерге жақындап, қайдан келгендерін сұрап, олардың ана тіліне ауысады. Бұл көрермендер арасында ерекше әсер қалдырып, олардың қызықты реакциясын тудырған.

«‎Екі жыл бұрын мен Венада магистратураны аяқтадым, бірақ дипломатия саласында жұмыс таба алмадым. БҰҰ-да қызмет еткім келді, бірақ ол мүмкін болмады. Сол кезде біз досым екеуміз көше видеоларын түсіріп, тілдік контент жасауды ойлап таптық. Басында түрік тілінде түсірсем, кейін қазақ тілінде, ал қазір барлық тілдерде түсіріп жүрмін», – дейді Юджи.

Бүгінде оның Instagram-да 1,6 миллион, TikTok-та 2,2 миллион жазылушысы бар. Полиглоттың ерекше қабілеті – ол 15-ке жуық тілде сөйлей алады. Оның тізіміне жапон, ағылшын, қазақ, орыс, неміс, түрік, хорват, серб, испан, итальян, дат, парсы, күрд және бенгал тілдері кіреді.

Қазақ тіліне деген қызығушылық

Юджи қазақ тілімен онлайн курстар арқылы танысқан. Блогердің айтуынша, қазақ тілі оның сүйікті тілдерінің бірі. Қазақстандағы танымалдылығы оның қазақтарға ұқсас келбетімен байланысты.

«Менің сырт келбетім қазақстандықтарға ұқсайды. Интернеттегі пікірлерде адамдар мұны жиі атап өтеді, мен бұл пікірлерді оқып, Қазақстанға қызығушылық таныттым», – дейді блогер.

Юджи Белеза Қазақстанға бұл жолы төртінші рет келіп отыр. Ол жергілікті халықтың қонақжайлығын ерекше атап өтті.

«Қазақстан мен үшін екінші үй сияқты. Мұнда жергілікті халық туристерге өте жылы қарым-қатынас жасайды. Мен бұл елді саяхаттауға ұсынамын. Әсіресе Joinme туристік агенттігі ұйымдастырған Алматының басты көрікті жерлеріне арналған тур өте әдемі болды», – дейді блогер.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Kazakh Tourism Юджиге Қазақстан туризмінің елшісі атаған берді. Бұл мәртебе оған еліміздің мәдениеті мен табиғатын әлемге насихаттауға қосқан үлесі үшін табысталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз