1 ақпаннан электр энергиясының шекті тарифі қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

2025 жылдың 1 ақпанынан 1 кВт/сағ электр энергиясының шекті тарифі 2 теңгеге қымбаттайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 36 энергия өндіруші ұйым шекті тарифті көтеруге өтініш берген.

Электр энергиясын өндіруші компаниялар жалақы шығыны, отын құны, көмір мен газды тасымалдау шығындары артқанын айтқан.

«Сондай-ақ тарифті түзетуге ықпал ететін факторлардың бірі – жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің, оның ішінде металдың қымбаттауына байланысты объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуі», – делінген түсіндірме жазбада.

Сонымен қатар жаңа үш энергия өндіруші ұйым энергия өндіруші ұйымдардың тізіміне қосылу бойынша өтінім берген.

«Алдын ала есеп бойынша, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құнына тарифтерді түзетудің әсері кВт/сағ үшін шамамен 2 теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз