Alfa Stom клиникалар желісінің иесі Лилия Аношинаға іздеу салынды

Жарияланды 9 Қаңтар 2025 09:31

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Alfa Stom иесі Лилия Аношинаға іздеу салынды
Alfa Stom иесі Лилия Аношинаға іздеу салынды / Фото: Kazachkov телеграм-арнасы

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция департаменті Alfa Stom клиникалар желісінің иесі Лилия Аношинаға іздеу салды. Бұл туралы іздеу жүйесіндегі ақпаратта көрсетілген.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы порталындағы ақпаратқа сүйенсек, Стоматологиялық клиника желісінің иесіне Ішкі істер министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарында іздеу салған. Кәсіпкер әйел алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Іздеу жүйесінен скрин

Іздеу туралы ақпаратта тергеуді Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция департаменті жүргізіп жатқаны жазылған.

Айта кетейік, осыған дейін полиция Alfa Stom стоматологиялық клиникалар желісінің негізін қалаушы Лилия Аношина мен компания директоры Татьяна Беловаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оның үстінен «Bazis-A» құрылыс компаниясының негізін қалаушы Александр Белович пен оның бұрынғы күйеу баласы ресейлік бизнесмен Владислав Лихачев шағымданған.

Осы іске байланысты полиция Аношинаның екі адвокаты Жанна Уразбахова мен Ғабит Бекітаевтың үстінен де іс қозғаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз