Мальдив аралдарында демалу қымбаттай түсті. Туристерге арналған салықтар мен алымдар бағасы көтерілді

Жарияланды 9 Қаңтар 2025 12:35

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мальдив аралдарында демалу қымбаттай түсті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдан бастап Мальдив аралдарында туристерге арналған салықтар мен алымдардың мөлшері артты. Бұл өзгерістер елдің туризм саласындағы кірістерін арттыруға бағытталған.

Кіру және әуежай алымдары

2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап архипелагқа кіру және әуежайдағы алымдар мөлшері көбейді:

  • Эконом-класс жолаушылары 30 доллардың орнына 50 доллар төлейді;
  • Бизнес-класс жолаушылары үшін алым 60 доллардан 120 долларға дейін өсті;
  • Бірінші класс жолаушылары үшін 90 доллардан 240 долларға дейін артты;
  • Жеке ұшақ жолаушылары үшін алым 120 доллардан 480 долларға дейін көбейді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қонақүйлерде орналасу үшін алынатын Green Tax мөлшері де артты.

  • 50 нөмірден аз қонақүйлерде орналасқан туристер үшін салық 6 долларды құрайды;
  • 50 нөмірден асатын қонақүйлерде тұратындар үшін салық күніне 12 долларды құрайды.

Туристік тауарлар мен қызметтер салығы

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап туристік тауарлар мен қызметтерге салынатын салық 16%-дан 17%-ға дейін көтеріледі. Бұл, әсіресе, мейрамхана, SPA орталықтары және экскурсиялық қызметтердің бағасына әсер етпек.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы қорытынды бойынша қазақстандық туристер Мальдив араларына жиі баратын болып шықты. Data Hub дерегі бойынша Мальдивке жиі саяхаттайтындардың арасында 18-ші болып отандастарымыз тұр. 2024 жылы 22,3 мың қазақстандық азамат Мальдив аралдарына саяхаттаған.

Сондай-ақ оқыңыз