Солтүстік Қазақстан облысының соты «Тиолайн» компаниясының иегерінің бірі және атқарушы директоры Виктор Долгалевті ақтаған алқабилер сотының шешімінің күшін жойды.
«Біріншіден, сотталушылардың кінәсі сотта толық расталды. Екіншіден, бірінші инстанция сотында қылмыстық-процессуалды заңнама нормаларын елеулі түрде бұзушылыққа жол берілген. Сот тергеуі барысында алқабилер ұжымдық түрде өздеріне қысым жасалып жатқанын мәлімдеген. Алайда сот заңға қарамастан, алқабилерді тарату туралы шешім қабылдамаған», – деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Тимур Құлжанов.
Басқа сот құрамымен бұл қылмыстық іс қайта қаралмақ.
«Долгалев Виктор Иванович, Долгалев Данил Викторович, Құрманбаев Санат Нуроллаевич, Сәдуақасов Тимур Хабдуллаевичке қатысты қамауға алыну түрінде шара дереу қолданылсын», – деп төрағалық етуші судья Ербар Қалиев деген қаулысын оқыды.
Tengrinews.kz хабарлауынша, Виктор Долгалевтің ісін алқабилер қатысуымен бұрын қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сот қараған болатын. Аталған бизнесменмен бірге оның ұлы – Обуховский тау-кен байыту комбинатының директоры да айыпталушылар орындығында отырды. Оларға «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу», «өз бетінше кенішті игеру» айыптары тағылған-ды. Бұл іс бойынша, олардан басқа тағы да екі адамға – кәсіпкер мен адвокатқа «пара беруге итермелеу» және «алаяқтық» айыптары тағылған еді.
Айыптаушылардың пікірінше, 2021 жылы наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі «жүйелі түрде келісім-шарт талаптарын орындамағаны» үшін кенішті игеру келісім-шарттың бұзылғаны туралы хабарлама жіберген. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Долгалев бұл хабарлама бойынша сотқа жүгінген. Бірақ кеніштегі жұмыстарын жалғастыра берген. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл – заңсыз әрекет.
Айыптаушылардың айтуынша, бұл әрекеттен 4 миллион теңгеге жуық шығын келген. Заңсыз кәсіпкерліктен 23 миллиард теңге табыс тапқан. Оның үстіне, Долгалев лауазымды тұлғаларға пара берді деп айыпталған болатын.
5 желтоқсанда алқабилер соты кәсіпкерді кінәсіз деп тапты. Құлмыстық құрамы жоқ деп ақтап, сот залынан босатты.
Артынша прокурорлар – аппеляциялық өтініш, ал зардап шегуші тарап аппеляциялық шағым түсірген-ді.